• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
29 Қаңтар, 2014

24 сағат

271 рет
көрсетілді

Украина премьер-министрі Николай Азаров отставкаға кетті. Оның сө­зі­не қарағанда, премьер мұн­дай шешімді қоғамдық-сая­си мәміле, жанжалды бей­біт реттеу, ең бастысы, Украи­наның бірлігін сақтау мақ­са­тында қабылдаған. Бірақ, оппозиция ел президенті Вик­тор Януковичтің үкімет мүше­лі­гіне үміткер ұсыну туралы бас­тамасынан бас тартып отыр.

 

Украина премьер-министрі Николай Азаров отставкаға кетті. Оның сө­зі­не қарағанда, премьер мұн­дай шешімді қоғамдық-сая­си мәміле, жанжалды бей­біт реттеу, ең бастысы, Украи­наның бірлігін сақтау мақ­са­тында қабылдаған. Бірақ, оппозиция ел президенті Вик­тор Януковичтің үкімет мүше­лі­гіне үміткер ұсыну туралы бас­тамасынан бас тартып отыр.

АҚШ Конгресі жабық дауыс беру нәтижесінде Сирия оппозициясына жеңіл атыс қаруын беруге рұқсат ету тура­лы шешім қабылдады. Бұл шара үстіміздегі жылдың 30 қыркүйегінде аяқталуы тиіс. Бұл туралы кеше белгісіз дерек көзіне сілтеме жасай отырып, «Рейтер» агенттігі хабарлады. Қару Иордания арқылы беріліп отыратын көрінеді.

Мысырда президент­тік сайлау парламенттік сайлау­дан бұрын өтетін болды. Бұл тура­лы осы елдің уақытша прези­денті Адли Мансұр мә­лімдеді. Президенттік сай­лаудың нақ­ты күні әзірше бел­гісіз. Бірақ оған жақында Египет армиясында­ғы ең жо­ғары әскери атақ – фельдмаршал атағы берілген ас-Сиси қатысатыны мәлім болып отыр. Ол жеңіске жетеді дей­тіндер де көп.

Косовода жергілікті сербтердің «Сербия, демократия, шындық» деп аталатын азаматтық бастамашылдығының серкесі Оливер Иванович қамауға алынды. Оған 1999-2000 жылдары албандарға қарсы әскери қылмыс жасады деген күдік келтіріліп отыр. О.Иванович өткен жылдың күзінде Косовска-Митровицы қаласының мэрі лауазымына таласып, сайлауда екінші орын алған болатын.

Ұлыбритания парла­менті королева отбасына бюджетті тиімсіз жоспар­ла­ды деген сын тақты. Мұн­дай қорытындыға, атап айт­қан­да, мемлекет қаржысын жұмсауды бақылау жөніндегі парламенттік комитет келген көрінеді. Комитет өкілінің сөзіне қарағанда, королева отбасы қаржы дағдарысына қарамастан, үнем дегеннің не екеніне мән бермей келеді.

Египетте полиция генералы атып өлтірілген. Осы елдің ішкі істер министрлігі бұл ақпаратты растап отыр. Оқиға кеше орын алған. Белгісіз ер адам Египет ішкі істер министрі Мохамед Ибрагимнің көмекшісі қызметіндегі генерал Мохамед Сайедке екі мәрте оқ жұмсаған. Ол алған жарақатынан ауруханада көз жұмыпты.

Оңтүстік Кореяда сот Интернетте Солтүстік Корея­ны аспандата мақтаған жер­гі­лік­ті азаматты он айға түрмеге қамады. Аты айтылмайтын оң­түстіккореялық 2009-2012 жылдар аралығында өзінің блогында және басқа да сайттарда КХДР-дің әскери қуатын мадақтап келіпті. Сөйтіп, ол ұлттық қауіпсіздік туралы заң ережелерін бұзған.

Индонезия Ресейден 37 жаңа БМП-3Ф жаяу әскерлердің соғыс машинасын сатып алды. Әскери техниканы беру рәсімі бұрнағы күні Индонезия әскери-теңіз күштерінің Асембагустегі орталық әскери дайындық корпусында өтті. Индонезияның армиясында БМП-3Ф кеңестік шығарылымдағы көнерген ПТ-76 жүзгіш танктерін алмастыруы тиіс.

Ұлттық хоккей лига­сы­ның вице-комиссары Билл Дэйли лиганың өзінің ойыншыларын Олимпиада-2014-ке жібермеуі мүмкін екенін хабарлады. Оның сөзіне қарағанда, ҰХЛ мұндай қадамға егер Сочиде «қауіпті жағдай» қа­лып­тасатын болса барады. ҰХЛ басшыларының бірі бірақ Ресей үкіметі мен ХОК спортшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті жағдайды жасайды деп сенеді.

Ақпарат агенттіктері материалдарының негізінде әзірленді.

Соңғы жаңалықтар