Тараз қаласында Мәмбет батыр көшесіндегі «Таразкөлікжолы» ЖШС зауытының аумағында битум өртенді, деп жазады Egemen.kz.
Бұл туралы Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
«Оқиға туралы хабарлама Төтенше жағдайлар департаментінің диспетчерлік қызметіне 12 қыркүйекте таңғы сағат 10.45-те түсті. Оқиға орнына 7 адам мен 2 техника шықты. Бригада келген кезде битум шұңқырындағы битумның тұтануы 80 шаршы метрді құраған. Өрт сағат 11:14-те сөндірілді», делінген хабарламада.