• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Спорт 13 Қыркүйек, 2021

Александр Бублик әлемдік рейтингте рекордқа қол жеткізді

203 рет
көрсетілді

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик ATP рейтингісінде рекорд көрсеткішке қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, бүгін жаңартылған рейтингіде А.Бублик 37-ден 34-орынға көтерілді. Бұл – оның спорттық жолындағы ең үздік көрсеткіші.

Михаил Кукушкин 13 сатыға төмендеп, 142-орынға жайғасты. Дмитрий Попко 193-тен 195-ке сырғыды. Есесіне Тимофей Скатов бірден 25 сатыға, 299-дан 274-ге көтерілді. Жұптық сында Андрей Голубев 38-орында қалса, А.Бублик 50-ден 48-ге жоғарылады. Украинада өткен челенджер турнирінде жеңімпаз атанған Александр Недовесов 80-нен 79-ға орналасты.