АҚШ әскерін шығарғаннан кейін алғашқы коммерциялық рейс Кабулға қонды, деп жазады Egemen.kz.
Пәкістан авиакомпанияларының алғашқы коммерциялық рейсі Кабул әуежайына қонды.
France-Presse агенттігінің хабарлауынша, борттағы жолаушы саны 10 адамнан аз.
Талибан қозғалысы бір ай бұрын үкіметтік күштерге қарсы шабуылын күшейтіп, 15 тамызда Кабулға кіріп, келесі күні соғыстың аяқталғанын хабарлады. 31 тамызға қараған түні АҚШ әскері Кабул әуежайынан шығып, АҚШ-тың Ауғанстандағы 20 жылға жуық әскери миссиясын тоқтатты. 6 қыркүйекте тәліптер Ауғанстанның 34 провинциясының соңғысы Панжширдің өз бақылауына өткенін хабарлады. Келесі күні Ауғанстанның уақытша үкіметінің құрамы жарияланды.