• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Қыркүйек, 2021

Алматы облысында 244 сынып карантинге жабылды

273 рет
көрсетілді

Алматы облысында КВИ ауруына байланысты 240-тан астам мектеп сыныптары карантинге жіберілді. Бұл туралы ОКҚ брифингінде Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгінгі таңда өңірде оқушылардың 90%-ы штаттық режимде, 64 мыңы аралас форматта оқиды. Денсаулық жағдайы бойынша 517 оқушы қашықтан оқиды.

«1 қыркүйектен бастап облыс бойынша балабақшалардың тәрбиеленушілері арасында коронавирустық инфекциямен сырқаттанудың 18 жағдайы, оқушылар арасында 209 жағдай және педагогтар арасында 47 жағдай тіркелді. Қалалар мен аудандардың санитарлық дәрігерлері облыстың 120 мектебінің 244-сыныптарында карантин енгізу туралы 176 қаулы шығарды. 3,5 мың оқушы мен мұғалім үй карантиніне ауыстырылды», деді Батыржан Байжұманов.

Оның айтуынша, егер мектеп оқушыларының бірі коронавируспен ауырса, онда бүкіл сынып екі апталық карантинге ауыстырылады.