• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Қыркүйек, 2021

Шымкентте 22 адамды егеуқұйрық тістеп алды

578 рет
көрсетілді

Шымкентте 22 адамды егеуқұйрық тістеп алған. Бұл былтырғымен салыстырғанда 13 жағдайға аз, деп жазады Egemen.kz.

«Статистика мәліметтеріне сүйенсек, өткен жылы егеуқұйрықтар 35 адамды тістеп алған. Биыл сондай 22 жағдай тіркелді. Бұл негізінен жеке үйлерде кездеседі. Негізі егеуқұйрықтар адам өзі тиіспесе, өздігінен шабуыл жасамайды», дейді ветеринария бөлімінің басшысы Манарбек Ержігітов.

Биыл егеуқұйрықтармен күресуге бюджеттен 5 млн 961 мың теңге жұмсалады. Бұл сомаға 33 688 м2 қоқыс контейнерлері, өзен мен канал бойындағы 2 млн м2 аумақ өңделетін у сатып алынды. 20 топ күзгі дезинфекцияға кірісті.

«Өңдеу шамамен 2 аптаға созылады. Біз бұл жұмысты жергілікті әкімдіктердің өтініші негізінде жүргіземіз. Олар қай аймақты өңдеу керек, қанша қоқыс төгетін орын, өзендер мен каналдар бойында қанша метр жерді өңдеу керегін жазады. Жаңа үйлер мен шағын аудандар пайда болған сайын өңдеу аумағы да ұлғаяды», дейді Манарбек Ержігітов  vera.kz материалында.