• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
29 Қаңтар, 2014

Күрескер тұлғаны еске алды

377 рет
көрсетілді

С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада белгілі журналист, көсемсөз шебері Мәлік Мұқановты еске алу кеші өтіп, 70 жылдық мерейтойымен орайлас­тырылды. Оған марқұмның туған-туыстары, қаламдас әріптестері қатысып, адамгершілік асыл қасиеттері жайлы жан-жақты сыр шертті.

 

С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада белгілі журналист, көсемсөз шебері Мәлік Мұқановты еске алу кеші өтіп, 70 жылдық мерейтойымен орайлас­тырылды. Оған марқұмның туған-туыстары, қаламдас әріптестері қатысып, адамгершілік асыл қасиеттері жайлы жан-жақты сыр шертті.

Еңбек жолын облыстық «Солтүстік Қазақстан» газетінде бастап, ақтық демі таусылғанша республикалық «Егемен Қазақ­­­­стан» басылымында жұмыс атқар­ған Мәкең жұртшылықтың есінде қарымды қаламгерлігімен қоса күрескерлік тұлғасымен де есте қалды. Облыстық мәслихаттың депутаты бола жүріп саяси күрестің, қоғамдық өмірдің алдыңғы легінен табылды. Оның қаламынан туған өткір мақалалар көкейкесті про­б­лемаларға арналды.

Ақындар Мүталлап Қанғожин, Зейнолла Әкімжанов арнау өлең­дерін оқыса, «Қызылжар ақпа­рат» ЖШС директоры Кәрібай Мұ­сырман қаламгерлік және қай­раткерлік ерекше қырларын сөз етті. Еңбек ардагерлері Ожан Қали, Болат Сағындықов өткенді еске оралтты. Осы жолдардың авто­ры танымал азаматтың есімін есте қалдыру мақсатымен ар­найы­­ шаралар ұйымдастыру жө­нін­де ұсыныстарын ортаға салды. Қожаберген жырау атындағы қа­зақ орта мектебінің оқушылары Мә­кеңнің «Алуа – менің айдыным» кітабында жарияланған өлең­дерін мәнерлеп оқыды. Әнші Шынар Темірханова марқұмның сүйікті әндері – «Фариза» және «Қара бауыр қасқалдақты» әуелете шырқап берді.

Мәкеңнің өмірі мен шығар­машылығына қатысты тағылымды кездесулер мен мектепішілік оқу күндері туған жері Есіл ауданында да ұйымдастырылды.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Солтүстік Қазақстан облысы.

Соңғы жаңалықтар