• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Теннис 13 Қыркүйек, 2021

Қазақстанда алғаш рет үстел теннисінен халықаралық турнир өтеді

342 рет
көрсетілді

15 қыркүйекте Қарағандыда үстел теннисінен «ITTF Kazakhstan International Open» халықаралық турнирінің ашылуы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл жарыстар ағымдағы жылы ТМД елдері аумағында өтетін жалғыз рейтингтік жарыс.

Спортшылардың жүлде қоры 30 000 АҚШ долларын құрайды.

Турнирге алаң иелерінен басқа Австрия, Сауд Арабиясы, Үндістан, Беларусь, Ресей, Өзбекстан мен Қырғызстан спортшылары қатысады.

Кішкентай ракетка шеберлері бес күн бойы «Сарыарқа» үстел теннис орталығында бақ сынайды.