«Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік шекара комиссиясын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 21 қарашадағы № 156 өкіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі өкімінің жобасы жарияланды, деп жазады Egemen.kz.
«Шекара маңындағы облыс әкімдерінің төрағалық етуімен Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік шекара комиссиясының шешімдерін іске асыру бойынша облыстық үйлестіру кеңесі құрылсын», деп жазылған жобада.
Құжат бойынша ҚР Үкіметі жанындағы Мемлекеттік шекара комиссиясының құрамына кіреді:
- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры (келісім бойынша), төрағаның орынбасары
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Шекараны күзету департаментінің бастығы (келісім бойынша), хатшы
- Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
- Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі
- Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі
- Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі
- Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі
- Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
- Қазақстан Республикасының Энергетика министрі
- Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі
- Қазақстан Республикасының Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрі
- Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі
- Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі
- Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрі
- Алматы облысының әкімі
- Шығыс Қазақстан облысының әкімі
- Жамбыл облысының әкімі
- Маңғыстау облысының әкімі
- Түркістан облысының әкімі
- Ақтөбе облысының әкімі
- Атырау облысының әкімі
- Батыс Қазақстан облысының әкімі
- Қостанай облысының әкімі
- Қызылорда облысының әкімі
- Павлодар облысының әкімі
- Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.
Бұрын комиссияның құрамына тек вице-министрлер кіретін, әкімдер болмайтын.
Жоб 28 қыркүйекке дейін АшықНҚА жүйесінде талқылауға ашық.