• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
30 Қаңтар, 2014

Игілік жасау өз қолымызда

431 рет
көрсетілді

Жеке кәсіпкер ретінде мен сияқты өз ісін ұйымдастырушылар көңіліне ұнайтындығы Елбасының жолдауларында әрдайым кәсіпкерлікті қолдауға баса көңіл бөлінеді. Осы жолы да мемлекетіміздің шағын және орта бизнесті дамытуға, адамдардың өзін өзі жұмыспен қамтуына кеңінен мүмкіндік жасалуына басымдық берілуін атап көрсетуі қуантып тастады. Мұндай қамқорлық аясы, әсіресе, біздерге, яғни ауылдық өңірлердегі іскерлікке бейім жандарға өте қымбат. Түрлі кедергілерді көп көруші, бұл істің сынағына төзбеуші, қыр-сырын біле қоймаушы әріптестеріміз әлі де аз емес. Мемлекет басшысының осындай жағдайды жақсы біліп, көмектесу жолын қарастыруды ұдайы назарда ұстауды талап етуінің нәтижелері соңғы жылдарда, мәселен, біздің Жаңаарқа аймағында айқын байқала түсуде. Соның шапағаты тиюші кәсіпкерлердің бірі өзім екенімді айтуыма болады.

Былтыр «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікті дамытуға ауданымызға 85 миллион теңгенің бөлінгені құлағыма жеткен бетте шағын несие алуға өтініш түсірдім. Бұрынғыдай емес, еш артық әуре-сарсаңсыз тілеуім жерде қалдырылмады. Алдында өз күш-қаражатыммен ашқан наубайхананы кеңейту ойымда жүрген еді. Төрт жылға 3 миллион теңге несие алып, ісімді ілгерілетуге қолым ұзарып қалды. Қосымша 8 адамды жұмысқа тартуым да жерлестеріме қуаныш болды. Аудан әкімдігі тұрақтандыру қоры арқылы қыстай ұнмен қамтамасыз етіп отыр. Осыған орай, нанның бағасы да қымбат емес.

Жолдауда көтерілген, алға қойылған мәселелердің бәрін жылы қабылдадық. Жігерімізге жігер қосылды. Соның ішінде бизнесті дамытуға кедергі барлық қи­ғаштықтардың жойылатындығы қуантты. Президент халыққа арнаған сөзінде «Әрбір отандастарымыздың жүрегінде елі­не деген шексіз мақтаныш сезімін оят­тық. Қазақстандықтар ертеңіне, елдің бо­лашағына сеніммен қарайтын болды» деді. Өсу-өркендеудегі еліміз мерейі өсуіне, мақсаты биіктей түсуіне шаттанамыз.

Ханислам ЖҰМАЖАНҰЛЫ,

кәсіпкер.

Қарағанды облысы,

Жаңаарқа ауданы.

Соңғы жаңалықтар