• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 15 Қыркүйек, 2021

Мексикада қарулы топ шетелдік 20 азаматты ұрлап кетті

216 рет
көрсетілді

Белгісіз қарулы адамдар Мексиканың орталығындағы Сан-Луис Потоси штатының Матехуала ауданындағы қонақ үйден шетелден келген 20 азаматты ұрлап әкеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекеттік прокурор Федерико Артуро Гарза Эррера ұрланған адамдарды белгісіз бағытқа күшпен алып кеткенін, ауқымды тергеу басталғанын айтты. 

Полицияның хабарлауынша, ұрланған адамдар Гаити мен Венесуэла елінің азаматтары.

Оларды қонақ үйден үш шағын автобуспен келген қарулы топ алып кеткен. Ұрланған адамдарды босату операциясы басталды.