ҚР Президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі – Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елші Талғат Қалиевтың төрағалығымен бейнеконференция форматында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) Арнайы жұмыс тобының (АЖТ) отырыстары өтті, деп жазады Egemen.kz.
АЖТ отырыстарында АӨСШК Сыртқы істер министрлерінің 6-шы кездесуі декларациясының, Сенім шараларының жаңартылған каталогының, АӨСШК Талдау орталықтарының форумы туралы ереженің, АӨСШК Рәсім туралы ережеге түзетулер енгізу жобалары және басқа да мәселелер талқыланды.
Қатысушылар АӨСШК Рәсім туралы ережеге түзетулерді енгізуге келісті. Ол АӨСШК Аға лауазымды тұлғалар комитетінің бекітуіне ұсынылады.