• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Коронавирус 16 Қыркүйек, 2021

Өткен тәулікте 64 науқас коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

224 рет
көрсетілді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан көз жұмғандар статистикасын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оған сәйкес 14 қыркүйек күні Қазақстан аумағында 58 адам - коронавирустан, тағы 6 адам - пневмониядан қайтқан.

Коронавирустан ажал құшқандардың ішінде ең көбі Қарағанды облысында - 12 науқас. Алматы қаласында - 10, Шымкент және Нұр-Сұлтан қаласында - 4, Ақмола облысында - 6, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда және Павлодар облыстарында - 3, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында - 2, Түркістан, Алматы, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында - 1 адамнан көз жұмған.

Еліміздің барлық өңірінде дерлік қайғылы жағдайлар болған. Тек Қостанай облысында ғана коронавирустан өлім-жітім болған жоқ.