Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік 2022 жылдан бастап марихуананы спортшыларға тыйым салынған заттар тізімінен шығаруы мүмкін, деп жазады Egemen.kz.
РБК жазуынша, атқару комитетінің отырысында каннабистің спортшы ағзасына әсері туралы жаңа ғылыми зерттеулер қажет деген ұсыныс айтылды. Бұған Токио Олимпиадасынан шеттетілген америкалық спортшы Шакарри Ричардсонның жағдайы себеп болды.
Бұған дейін Халықаралық жеңіл атлетика федерациясының басшысы Себастьян Ко марихуананы тыйым салынған заттар тізімінен шығару туралы айтқан болатын.