• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Әлем 16 Қыркүйек, 2021

ҰҚШҰ Ауғанстаннан қауіп төнсе, Тәжікстанға көмектеспек

306 рет
көрсетілді

Душанбеде өткен Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының (ҰҚШҰ) отырысына мүше елдер ауған-тәжік шекарасында жағдай ушығып кетсе, Тәжікстанға көмек көрсетуге уәде берді, деп жазады Egemen.kz.

«Ұйымның бас хатшысы Станислав Зась Душанбедегі саммитке қатысушылар Ауғанстанда бейбітшілік орнату бойынша БҰҰ-ға көмектесу туралы шешімін қолдайтынын жеткізді. Ол шекарада жағдай ушыққан жағдайда ҰҚШҰ көмекке келеді деп атап өтті», деп жазады Орталық Азия жаңалықтар қызметі.

Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Мәскеу тәліптермен байланысып отырғанын, бірінші кезекте олармен көрші елдерге шабуыл жасамау жөнінде келісім жүріп жатқанын жеткізді.

«Ресей тәліптерге әзірге ешқандай талап қоймады. Біз олардың уәделерін қалай орындайтынын бақылап отырмыз. Тәліптер өз мақсаттарын айтты. «Терроризмге, есірткі тасымалына қарсы күресеміз, Ауғанстан аумағындағы көрші елдерге ешқандай шабуыл жасамаймыз» деп уәде берді», дейді Лавров.

Ал сарапшылар ҰҚШҰ-ны Ауғанстандағы жағдайға байланысты әрекетсіздігін сынап жатыр. Олар ұйымға мүше елдерден нақты іс-әрекет, болжам, талдау күткенін айтады. «Бүгінгі күні ҰҚШҰ-ға мүше елдерде Ауғанстанға қатысты нақты ұстаным жоқ»,  дейді тәжікстандық сарапшы Осим Бекмухаммад.

1992 жылы құрылған Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан кіреді.