• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Әлем 16 Қыркүйек, 2021

АҚШ, Ұлыбритания және Австралия қорғаныс альянсын құрды

378 рет
көрсетілді

Австралия, Ұлыбриятания және АҚШ қорғаныс және қауіпсіздік қаласында жаңа үш жақты әріптестік – AUUKUS альянсы құрылғанын жариялады. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Австралия, Ұлыбритания және АҚШ AUUKUS әріптестігі аясында кибертехнология, жасанды интеллект және квант технологиясы салаларында тығыз әріптестік орнатуды көздейді», делінген альянс құру туралы мәлімдемеде.

AUUKUS альянсының алғашқы жобасы - Австралияның ядролық қарусыз атом сүңгуір қайықтарын жасау. Австралия кеме құрылысына қажет технологияны одақтастарынан алады, сөйтіп Франциямен арадағы 66 миллиард доллардың келісімінен бас тартады.

Париж бұл келісімге наразы.

Ұйымның құрылуы туралы АҚШ Президенті: «Бұл бастама үдеп бара жатқан қауіптен қорғануға және әрекет етуге қажетті озық мүмкіндіктерге ие болу мақсатында көтерілді», деді.

Соңғы жаңалықтар