• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
30 Қаңтар, 2014

Алимент төлеуден жалтарғандар сотталады

342 рет
көрсетілді

Баласына берешегі 10 мың АЕК-тен асып кеткен алимент төлеушілер 7 жылға бас бостандығынан айырылады. Бұл туралы Gazeta.kz хабарлады.

Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің бас сарапшысы Мәдина Мұқашеваның атап өткеніндей, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 15 қаңтарындағы заңына орай, атқарушылық іс жүргізу саласын реттейтін заңнаманы жетілдіруге, сот орындаушыларының жұмыс тиімділігін жоғарылатуда олардың өкілеттігін кеңейтуге, сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал жасайтын нормаларды алып тастау мен заңды күшіне енген сот актілерінің мейлінше көп орындалуына мүмкіндік жасалды.

Жалпы, құжатқа енгізілген негізгі өзгерістерде мынадай мәселе қамтылған. Қылмыстық кодекстің 136-бабы (алимент төлеуде міндетті орындамау) бойынша және Қылмыстық кодекстегі 362-баптың 1-бөлімі (сот үкімін, шешімін және атқарушылық құжатты орындамау) бойынша 2 жылдан 3 жылға дейін мерзімге, сәйкесінше Қылмыстық кодекс 362-бабының 3-бөлімі (берешек сомасы 10000 АЕК жоғары болса) бойынша 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы енгізілді.

Әмірхан Алмағанбетов.

Дереккөз: Gazeta.kz.

Фото: News. nur. kz.

Соңғы жаңалықтар