• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Коронавирус 17 Қыркүйек, 2021

Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 70 адам көз жұмды

157 рет
көрсетілді

15 қыркүйекте Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 70 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Олардың 62-сі КВИ инфекциясынан, 8-і пневмониядан көз жұмған.

17 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 72 789 адам коронавирус инфекциясынан (–64 262 + және 8 527 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 13 610 пациент стационарда, 59 179 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

1 064 адамның жағдайы ауыр, 317 пациенттің жағдайы өте ауыр, 192 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.