Қаржы мониторингі агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаменті «Антарес» қаржы пирамидасының қызметіне тыйым салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылар алаяқтық схемаларды әртүрлі жолдармен құрастырады. Бұл зергерлік бұйымдарды, туристік билеттерді, бағалы қағаздарды сатып алу, сату қызметтері, сондай-ақ криптовалюталар мен биткоиндерді сатудың жаңа тәсілдері болуы мүмкін.
«Антарес» қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар жеке тұлғалардың ақшасын кәсіпкерлік қызметке тартқан. Бірақ іс жүзінде олар қаражатты қайта бөлу және кейбір қатысушыларды басқа салымшылардың жарналары есебінен байыту арқылы табыс тауып келген.
«Алаяқтардың бір ғана мақсаты бар - сенімді азаматтарды елеулі қаржылық шығындарға алып келетін «үстеме» жобаға тарту. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Аумақтық департамент барлық зардап шеккен адамдарды және келтірілген залал сомасын анықтауға бағытталған шараларды қабылдайды», деп хабарлады ведомство.