• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Қыркүйек, 2021

Алматы тауларында құтқару үйлері пайда болды

321 рет
көрсетілді

Алматы тауларында құтқару үйлері пайда болды. Әзірге тек екеуі орнатылды, негізі осындай 15 құтқару пунктін орнату жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қызғылт-сары үйлер туристерді алыс соқпақтарда күтеді. Біріншісі Жоғарғы Горельникте (3205 метр биіктікте) орналасқан, ал екіншісі «Тұйық-Су» мұздығының соңғы моренасында  (3400 метр биіктікте) пайда болды. Құтқару үйлерінде сіздер ауа-райы жақсарғанын күтіп, демалып алуларыңызға болады. 

Туристік ақпарат орталығы (Visit Аlmaty) мәліметінше, әрбір үй дәрі-дәрмек қобдишасымен, жылы көрпемен, отын қоры бар пешпен, телефондарға арналған зарядтау станциясымен жабдықталған. Сондай-ақ, SOS сигналын құтқарушылардың қашықтан басқару пультіне беру үшін дабыл түймесі де бар.

Exclusive Qurylys осы жобаның бір бөлігі болғанына біз өте қуаныштымыз. Енді таулар қауіпсіз бола түседі», делінген хабарламада.