Ресейлік «Р-Фарм» фармацевтикалық компаниясы экспорттық мақсаттар үшін Оксфорд университетімен AstraZeneca лицензиясы бойынша коронавирусқа қарсы вакцина шығара бастады. Бұл туралы Ресей Индустрия және сауда министрлігі басшысының бірінші орынбасары Василий Осьмаков хабарлады, деп жазады Egemen.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.
«Ресейде шетелдік вакциналар шығарылуда, AstraZeneca Р-Фарм-да экспорттық келісімшарттар арқылы жасалады. Ішкі нарыққа келетін болсақ, біз өз өнімдерімізбен толық көлемде қамтылдық. Болашақта бәрі мүмкін, әсіресе, қазіргі сұраныс толқынында біз өз өндірістерімізбен жұмыс істейміз», деді Осьмаков.
Р-Фарм бас директоры Василий Игнатьев компания маусым айында Оксфорд университеті мен AstraZeneca лицензиясы бойынша коронавирустық вакцинаның алғашқы партиясын шығаруды жоспарлап отырғанын айтты. Ол Ресейде «Р-Фарм» өндірістік қуаттылықтарында шығарылатын «Р-Кови» вакцинасының бірнеше жүз мың данасы ай сайын экспортқа шығарылатынын атап өтті.