Жоғары жылдамдықты және электрлендірілген теміржол Каир қаласын айналасындағы жаңа қалалармен байланыстырады. Жоба құны 4,5 млрд долларды құрайды деп хабарлайды Egemen.kz.
Siemens Mobility неміс компаниясы осы айдың басында Египеттің National Authority for Tunnels басқармасымен жоспарланған 1800 шақырымның 660 шақырымын салу жөнінде келісімге қол қойды.
Бірінші жол Қызыл теңіздегі Айн-Сохна порт қалаларын Жерорта теңізіндегі Марс-Матра мен Александриямен байланыстырады. Компанияның мәліметінше, бұл желінің бірінші учаскесі 2023 жылы пайдалануға беріледі.
Египет халқы 100 миллионнан асады, 1980 жылдан бері екі есе өсті. Шамамен 20 миллион халқы бар Каир қаласы шөл далада орналасқан. Темір жол салу Мысыр халқының сұранысын қанағаттандыру үшін жасалып отыр.
«Жылдам жүретін пойыз жол уақытын қысқартады және қозғалудың ең тиімді әдісіне айналады. Ел тұрғындары жыл санап өсіп келеді. Бұл қосымша үлкен табыс әкеледі», дейді Siemens Mobility компаниясының бас директоры Майкл Питер.
CNN мәліметі бойынша бұл байланыс жылына 30 миллионнан астам адамды тасымалдауға мүмкіндік береді және жол жүру уақытын 50% қысқартады. Жоба шамамен 2027 жылы аяқталады.