Елордада жіті риспираторлық вирустық инфекциямен ауырғандар саны артты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық бас мемлекеттік санитар дәрігерінің орынбасары Жанна Пірәлиева айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«2021 жылдың басынан бері Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының арасында ЖРВИ-дің 32,5 мың жағдайы тіркелді. 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш – 2 814. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 43,3 пайызға жоғары. Былтыр 20 706 жағдай тіркелген болатын», деді ол елорда әкімдігінде өткен брифинг барысында.
Оның айтуынша, 14 жасқа дейінгі балалар арасында ЖРВИ-дің 15 635 жағдайы тіркелген. Соңғы аптаның өзінде 1 054 бала ауырып қалған. Өткен аптамен салыстырғанда балалар арасында ЖРВИ-мен ауыру 32 пайызға өсіп отыр.
«ЖРВИ-мен аурудың апталық көрсеткіші бақылау деңгейінен асып отырған жоқ. Соңғы 2020-2021 жылдарғы эпидемиологиялық маусымда ЖРВИ-дің 25 252 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 15 090 бала ауырды», деді Жанна Пірәлиева.