Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр облысқа жұмыс сапары барысында кәсіпорындарды, инфрақұрылым объектілерін қарап шықты, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін қарады, деп жазады Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Облыс орталығында Р. Скляр республикалық магистральдің Павлодар мен Семей арасындағы учаскесінің реконструкциясымен танысты. Жауапты мекемелердің есебін тыңдап, құрылған көлік инфрақұрылымының барлық сапа стандартын қамтамасыз ете отырып жұмысты уақытында аяқтауды тапсырды.
Жұмыс сапары аясында вице-премьерге «Достық» ықшам ауданындағы тұрғын үй құрылысының барысы таныстырылды. Бүгінгі күні жаңа шағын ауданда 5 тұрғын үй пайдалануға берілді.
Успен ауданында Р. Скляр мен ауыл шаруашылығы министрі Е. Қарашөкеевке өнімдері Қазақстан өңірлеріне жеткізілетін «Галицкое» ЖШС сүт фермасының қызметі туралы есеп берілді.
Жұмыс сапарының соңында Роман Скляр аймақта электр және жылу энергетикасын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Жұмыс сапарына, сонымен қатар, энергетика және ұлттық экономика вице-министрлері, ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің төрағасы қатысты.