• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Руханият 19 Қыркүйек, 2021

Әйгілі режиссер діни радикализм жайлы пікірін білдірді

523 рет
көрсетілді

Қазақстандық әйгілі режиссер Әли Шер Сүлеймен діни радикализммен күресу жайлы пікірін бөлісті, деп жазады Egemen.kz.

«Қанымызда халқымызды діни радикализмнен қорғайтын алмас қылыш бар. Ол біздің ұлттық салт-дәстүріміз.

Ғасырлар бойы шыңдалып, қанымызға сіңген салт-дәстүріміздің іргетасы: кішінің үлкенге, ағаның ініге, баланың ата-анаға, ер адамның әйелге деген қатынасында - мейірімділік, сабырлық, кішіпейілдік, ұстамдылық, ынсап сынды имандылықтың түп тамырын құрайтын ұғымдар жатыр. Егер салт-дәстүрімізді қастерлесек, тәрбиенің қылыш-қалқаны осы», деді Ә.Сүлеймен.

Оның айтуынша, діни ағартуды дамыту керек,

«Қалай, қашан келген дін, қандай дін? Діннің тарихын діни ағарту пәндері арқылы мектептен бастап зерттеу артық болмас. Менің ойымша,  сонда ғана жастардың дінді саналы түрде, еркін, жете түсінуіне жол ашылады», деді режиссер.