Жыл сайын еліміздің барлық өңіріндегі 1-7 сынып оқушылары арасында өтіп келе жатқан республикалық «Зерде» шығармашылық жобалар жарысы биыл да өз жалғасын тапты. Тоғыз рет болған бұл білім сайысына ұйытқы болып келе жатқан Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы екенін айта кетсек дейміз. Конкурстың негізгі мақсаты, оқушылардың арасындағы таланттарды тауып, олардың шығармашылық, зерттеушілік белсенділігін арттыра отырып, келешегіне дұрыс бағыт беру. Олардың интеллектуалды әлеуетін арттыру да негізгі міндет болып есептеледі.

Конкурс ережесі бойынша жүлдегерлер үш кезең негізінде анықталады. Оның біріншісінде оқушылардың өз Отанын сүюі, туған өлкесін ардақтауы, алдыңғы толқынның сенімін ақтау, тағы басқа. Аталған конкурсқа Отанымыздың барлық аймағынан 306 жас зерттеушілер қатысты. Олардың қатарында Назарбаев зияткерлік мектептерінің де баптаған ұл мен қыздары болды. Конкурсқа белгілі ғалымдар, әдіскер мұғалімдер қазылық етті. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай екі топқа бөлініп, 8 секцияда олардың ғылыми жұмыстары сараланды. Конкурстың нәтижесі бойынша үздік командалар анықталды. Бірінші орынды – Астана қаласы, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары алса, екінші орынды – Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда облыстары және Назарбаев зияткерлік мектептері иеленді. Үшінші орын –Ақмола, Қарағанды облыстарымен бірге, Алматы қаласының еншісіне тиді. Жүлдегерлерге дипломдар мен сертификаттар, бағалы сыйлықтар табыс етілді. Еліміздің барлық өңірінен келген оқушылар көрікті Көкше өңіріндегі Щучье-Бурабай табиғи-ұлттық саябағын аралап көрді. «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының «Жастар» педагогикалық отрядының ұйымдастыруымен болған концерт қойылымын тамашалап, келер жылы осындай білім сайысында бас қосамыз деп тарасты.
Сүлеймен МӘМЕТ,
«Егемен Қазақстан».