• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Экология 20 Қыркүйек, 2021

Сенат Каспий теңізінің экожүйесін қорғау мәселелерін талқылады

192 рет
көрсетілді

Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің кеңейтілген отырысында депутаттар «Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға қоршаған ортаға трансшекаралық тұрғыдан жасалатын әсерді бағалау жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын талқылады, деп жазады Egemen.kz.

«Заң жобасының негізгі мақсаты – теңіз ортасы мен теңізге жақын орналасқан құрлыққа едәуір трансшекаралық әсер етуі мүмкін жоспарланып отырған қызметтің трансшекаралық тұрғыдағы қоршаған ортаға әсерді бағалаудың тиімді және ашық рәсімдерін өткізу», деп атап өтті сенатор Абдалы Нұралиев отырыс барысында.

Хаттаманы ратификациялау қоршаған ортаны бағалау және оған әсер ету жөніндегі заңнамалық және әкімшілік шараларды қабылдауға мүмкіндік береді және осы рәсімге жұртшылықтың бастапқы кезеңнен бастап тиімді қатысуын қамтамасыз етеді.

Сенаторлар комитет отырысының қорытындысы бойынша аталған заң жобасын Палатаның қарауына беру туралы шешім қабылдады.