Елордада 4-8 қазан аралығында WORLD ENERGY WEEK және XIV Еуразиялық Kazenergy форумы өтеді. Іс-шараны KAZENERGY қауымдастығы Дүниежүзілік энергетикалық кеңеспен (WEC) бірлесіп «ENERGY FOR BETTER LIVES/Энергетика - адамзат игілігі» тақырыбында ұйымдастырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Биыл WORLD ENERGY WEEK алғаш рет Орталық Азияда - Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында өткізілгелі отыр.
Іс-шараның негізгі мақсаты - тұрақты дамуға және энергияны адамзат игілігі үшін пайдалануға жәрдемдесу. 2021 жылғы дүниежүзілік энергетикалық аптаны Қазақстан Республикасының ұлттық комитеті өткізеді. Апталық бағдарлама жаһандық энергетикалық қоғамдастық үшін ауқымды іс-шаралар мен желілік мүмкіндіктерді, соның ішінде салалық министрліктердің басшылары, трансұлттық корпорациялар мен халықаралық ұйымдардың басшылары, энергетика саласындағы көшбасшылар мен сарапшылардың кең аудиториясы жиналатын жоғары деңгейдегі эксклюзивті отырыстарды ұсынады. Бұл ұлттық, өңірлік және жаһандық деңгейлерде орнықты энергетикалық жүйелерді құру үшін энергетика мәселелері бойынша пікірсайыстар мен ашық диалогқа ықпал ететін болады.
Еnergy for better lives/энергетика - адамзат игілігі. Тақырып халықаралық қоғамдастықтың энергетикалық қауіпсіздікті, декарбонизацияны және төмен көміртекті дамуды қамтамасыз етуге деген ұмтылысын көрсетеді. Тақырыпты таңдау сонымен қатар СOVID-19 пандемиясынан туындаған әлемдік дағдарысты еңсеруге және адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған күш-жігермен байланысты.
XIV еуразиялық kazenergy форумы 14 жылдық тарихында KAZENERGY Еуразиялық форумы аймақтағы энергетикалық сектордың басты халықаралық оқиғасына айналды. Форум энергетикалық нарықтарға қатысушылар арасында тиімді диалогты қамтамасыз етуге, энергетикалық жүйені дамытудың өзекті үрдістері мен бағыттарын қарауға арналған.
Форум барысында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында XIV Еуразиялық Kazenergy форумы алаңында бірқатар презентациялар мен оқиғалар өтеді: «Қазақстанның мұнайы мен газы – Тәуелсіздіктің 30 жылы: жасампаздық жолы» кітабының тұсаукесері Деректі фильмнің тұсаукесері (бес фильмнен тұратын серия) ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған арнайы конференция.
Сондай–ақ, Қазақстанның отын-энергетика секторының ағымдағы жай-күйі мен даму перспективаларын неғұрлым жан-жақты талдау-V ұлттық энергетикалық баяндама ұсынылады. Іс-шараға қатысу үшін http://kazenergyforum.com сайтына кіріп, тіркелуге болады. Дүниежүзілік энергетикалық кеңес (World Energy Council) - 1923 жылы құрылған ірі энергетикалық халықаралық үкіметтік емес ұйым. ДЭК құрамына мемлекеттік билік органдарын, өнеркәсіптік және сарапшылық ұйымдарды қоса алғанда, 300-ден астам ұйымның атынан өкілдік ететін 90-нан астам ұлттық комитет кіреді.
Жыл сайын кеңес әлемдік энергетика көшбасшыларының жаһандық іс–шарасы - WORLD ENERGY WEEK өткізеді.