Бүгін, 22 қыркүйекте Интерньюс-Қазақстан мен Казпрессклубтың қолдауымен ҚР АҚДМ, Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хаб, Ұлттық жоба кеңсесі жанындағы коммуникациялық орталық өкілдері, сондай-ақ мемлекеттік және квазимемлекеттік секторларының баспасөз хатшылары үшін жазғы онлайн-мектеп қатысушылары ЭЫДҰ коммуникациялар бойынша сарапшылар тобымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
COVID-19 пандемиясы тиісті мемлекеттік басқарудың негізгі құрамдас бөлігі ретінде халықпен байланыс рөлін күшейтті.
ЭЫДҰ кездесу барысында мемлекеттік коммуникация саласында жүргізілген елдік шолудың нәтижелері (46 елде) ұсынылды.
Сарапшылар жалпы мемлекеттік трендтер, мәселелер, үздік тәжірибелер мен алынған сабақтармен бөлісті.
Қатысушылар ЭЫДҰ сарапшыларына бірқатар сұрақтар қойып, ой-пікірлерімен алмасты. Екі тарап Қазақстан бойынша осындай шолуды өткізуге қызығушылық танытты.
Сонымен қатар, АҚДМ ЭЫДҰ-мен мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту мәселелері бойынша одан әрі ынтымақтастығы және АҚДМ өкілін ЭЫДҰ сарапшылар тобына енгізу туралы келісімге қол жеткізілді.
ЭЫДҰ жүргізген зерттеу АҚДМ үшін ҚР Мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру призмасында үлкен практикалық қызығушылық тудыратынын атап өтеміз.