• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 24 Қыркүйек, 2021

Өкініштісі, синтетикалық есірткінің негізгі тұтынушылары жастар - Е.Тоғжанов

402 рет
көрсетілді

Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Мемлекет басшысының елдегі есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы іс-қимылға қатысты тапсырмасын орындау жөнінде арнайы кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Министрлер кабинеті басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Есірткі қылмысы мен нашақорлық мәселесі бүгінде өте өзекті. Өкінішке орай, жаңа синтетикалық есірткінің негізгі тұтынушылары жастар болып табылады. Тек осы жылдың өзінде елімізде 8,5% өсіммен 5 мың есірткі қылмысы анықталды. Бізге осы құбылыспен күресу үшін жүйелі шаралар қажет», деп атап өтті Е.Тоғжанов.

Құқық қорғау және салалық мемлекеттік органдарға:

Телекоммуникациялар желісінде, оның ішінде интернет-боттарды және басқа да автоматты бағдарламаларды пайдалана отырып жасалатын есірткі қылмыстарының жолын кесу тапсырылды; Тиімді мемлекеттік және әлеуметтік бақылауды белгілей отырып, нашақорлықтың бастапқы профилактикасының теңгерімді жүйесін құру; Есірткіге тәуелді адамдарды емдеу әдістерін жетілдіру, аумақтық сот сараптамасы органдарының мемлекеттік есірткі диспансерлерін материалдық-техникалық жарақтандыруды жақсарту; Құрамында есірткі бар өсімдіктердің өсу ошақтарын анықтау тұрғысынан қашықтықтан зондтау жүйелерін пайдалануды кеңейту; Есірткі құралдарын шетелден әкелуге жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау.

Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары елдегі есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы жүйелі шаралар әзірлеу үшін ведомствоаралық жұмыс тобын құруды тапсырды.