ҚР Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары авиация генерал-майоры Нұрлан Кәрбенов Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің бас штабт басшыларының кеңесіне қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Ұйымға мүше мемлекеттер қарулы күштері бас штабтарының, сондай-ақ ШЫҰ Хатшылығының басшылары әлемдегі әскери-саяси ахуалды талқылап, халықаралық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері мен Ауғанстандағы қазіргі жағдайға қатысты пікір алмасты.
Кеңес Ресей Федерациясының Орынбор облысындағы «Донгуз» полигонында «Бейбіт миссия-2021» әскери терроризмге қарсы бірлескен командалық-штабтық оқу-жаттығуы шеңберінде өтті. Кеңестің қорытындысы бойынша Хаттамаға қол қойылып, 2023 жылы кезекті кездесу өткізу туралы уағдаласты.