Ресейдің Бас прокуроры Игорь Краснов Қазақстанның Бас прокуратурасына кәмелетке толмағандарды кибербуллингтен қорғау үшін күш жұмылдыруды ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстанның Бас Прокуроры Ғизат Нұрдәулетов ТМД қатысушы-мемлекеттерінің Бас прокурорлары Үйлестіру кеңесінің 31-отырысы аясында Ресейдің Бас прокуроры Игорь Красновпен екіжақты кездесу өткізді.
«Игорь Краснов кәмелетке толмағандарды, ең алдымен, Интернеттің теріс әсерінен қорғау үшін күш жұмылдыруды ұсынды», деп жазды Ресей Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.
Сонымен қатар тараптар Ресей мен Қазақстандағы экстремизм мәселесін талқылады.
Айта кетейік, 15 қыркүйекте Қазақстан Мәжілісі бала құқықтарын қорғау туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдаған болатын.