ҚР БҒМ жанындағы «Адал білім» жобалық кеңсесінің сарапшы-талдаушысы Лилия Испенбетова еліміздегі құрылысшылардың тапшылығы туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«144 мың түлектің 8700-і құрылыс мамандықтарын тәмәмдаған. Яғни, 100%-ның тек 6%-ын құрылыс саласының түлектері құрайды», деді Лилия Испенбетова Қазақстан Құрылысшылар одағының отырысында.
Оның айтуынша, бүгінде аталған салада кадрлардың өткір тапшылығы байқалады.
«Ағымдағы қажеттілік 242 мың маманды құрайды. Жыл сайын шығындар 468 млрд теңгені құрайды. 2020 жылғы статистика бойынша бос жұмыс орындарына қажеттілік 1600 құрайды. Яғни, кадр тапшылығы мен құрылыс саласында кадр резервіне деген қажеттілікті көріп отырмыз. Бетоншылардың 2615 бос орнына тек 15 адам келеді. 2020 жылы 46 түлек қана кран машинистері атанды», деп атап өтті спикер.