• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Қыркүйек, 2021

Алматыда әлеуметтік аз қамтылған борышкерлер баспанасынан шығарылмайды

139 рет
көрсетілді

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Алматы қаласының әкімдігімен әлеуметтік аз қамтылған борышкерлерді ипотека қарызы үшін жалғыз баспанасынан шығармау туралы меморандумға қойды, деп жазады Egemen.kz.

«23 қыркүйекте Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Алматы әкімдігі, Банк омбудсмені, банктер және қоғамдық бірлестіктер арасында халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын борышкерлердің ипотекалық қарызы үшін жалғыз тұрғын үйін алып қою және жалғыз баспанасынан шығару шараларын тоқтата тұруды көздейтін өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды», деп жазылған агенттік хабарламасында.

Құжат қол қойылған күннен бастап 12 ай бойы күшінде болады.

Әзірге мұндай келісім тек Алматы қаласының әкімдігімен жасалған. Алдағы уақытта республиканың басқа өңірлерін де қамту жоспарланған.