• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Коронавирус 27 Қыркүйек, 2021

Ashyq-тағы «жасыл» мәртебе қанша уақыт сақталады?

329 рет
көрсетілді

ҚР Бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы күшіне енді, деп жазады Egemen.kz.

Қаулыға сәйкес, коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын алған азаматтардың «жасыл» мәртебесі 21 күн сақталады. Егер адам екінші компонентін алмаса, мәртебесі «көкке» ауысады.

Вакцинаның толық курсын алған азаматтар бір жыл көлемінде «жасыл» мәртебеге ие болады.

Ал коронавируспен ауырып, айыққандар үш ай көлемінде «жасыл» мәртебе көрсетеді.

«Сары» мәртебесі бар азаматтар ПТР-тесті оң нәтиже берген адаммен байланысқан күннен бастап 14 күнтізбелік күннен кейін «көкке» ауыстырылады.

Соңғы жаңалықтар