• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 27 Қыркүйек, 2021

Ақпарат министрі әлеуметтік тақырыптарды қозғау мәселесін сөз етті

190 рет
көрсетілді

Аида Балаева елдегі БАҚ туралы заңды бұзған басылымдар мен өзге де ақпарат таратушылардың қалай жауапқа тартылғанын айтты. Сондай-ақ ол әлеуметтік тақырыптарды қамту кезінде заңнама талаптарынан бөлек өзге де нормаларды қатаң сақтау керектігін ескертті, деп хабарлайды  Egemen.kz.

Бұған дейін хабарлағанымыздай елімізде БАҚ туралы заңды бұзған 6 шетелдік сайттың жұмысы тоқтатылды.

Барлық тіркелген фактілер бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының басшыларына заң бұзушылықтарды жою туралы, сондай-ақ оларды әлеуметтік желілерден алып тастау туралы нұсқамалар жіберілген. Сонымен қатар тиісті ақпарат құқық қорғау органдарына табысталды. 

Осы ретте Ақпарат министрі заң талаптары тек БАҚ қызметкерлеріне ғана емес, барлық азаматтарға жазылғанын еске салды.

«Әлеуметтік тақырыптарды қамту кезінде заңнама талаптарын ғана емес, сонымен қатар кәсіби этика, мораль мен әлеуметтік жауапкершілік нормаларын да ескеру қажет екенін түсінген жөн. 

Бүгінгі Astana media week алаңы - құқықтық сауаттылықты арттыру, сондай-ақ отандық медиа саласы өкілдерінің кәсіби біліктілігін арттыру мәселелерін шешудің тиімді тетіктерінің бірі. 

Қорыта айтқанда, біздің қоғамдағы әлеуметтік жанжалдарды дұрыс қамту мәселесінің күрделілігіне назар аударғым келеді. Біз мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарын ақпараттық бойынша көмек көрсетуге әрқашан дайынбыз», деді Аида Балаева.