• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Технология 27 Қыркүйек, 2021

Қытай ғарышқа жаңа жер серігін ұшырды

234 рет
көрсетілді

Қытай елдің солтүстік-батысындағы Цзюцюань спутник ұшыру орталығынан ғарышқа жаңа жер серігін ұшырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Jilin-1 Gaofen 02D жер серігін Kuaizhou-1A зымыран тасығышы ұшырып, жоспарланған орбитаға сәтті кірді.  

Ұшу дүйсенбі күні Бейжің уақытымен 14:19-да болды. Бұл жолғы ұшыру – кіші спутниктерді орбитаға тез және арзан шығаруға арналған Kuaizhou сериялы зымыран тасығыштардың он бірінші миссиясы. 

Jilin-1 жер серіктері – алыстан бейне таратуға арналған Қытайдың коммерциялық спутниктері. Спутник Chang Guang Satellite Technology Co компаниясында құрастырылған.