Атырау облысында коронавирус инфекциясына шалдыққан 27 науқастың жағдайы ауыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, инфекциялық стационарларда 327 науқас оқшауланған.
«Өңірде қауіпті вирус жұқтырушылардың азаюына байланысты инфекциялық стационарларда 2 352 төсек-орын бар. Қазір мұндағы жүктеме 13,9%-ды құрайды. Стационарлардағы 90 орындық жансақтау бөлімінде жағдайы нашарлаған 27 науқас емделіп жатыр. Оның ішінде хал-ахуалы өте ауыр 4 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Бұл бөлімдегі жүктеме – 30 пайыз», деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.