Қазақстан кубогының 1/2 финалының жеребесі 28 қыркүйекте өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елордалық «Астана» клубы бірінші матчты өз алаңында ойнайды. Олардың қарсыласы «Қайсар» - «Қайрат» кездесуінде анықталады.
Өз алаңында бірінші матчты «Шахтер-Тараз» жұбының жеңімпазы Қостанайдың «Тобылымен» өткізеді.
Қазақстан кубогының жартылай финалының жұптары:
«Астана» - «Қайсар» - «Қайрат» жұбының жеңімпазы «Шахтер» - «Тараз» - «Тобыл» жұбының жеңімпазы