1-3 қазан күндері Нұр-Сұлтан қаласында Беларусь Республикасының мәдениет күндері өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет күндері аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен бірнеше шара жоспарланған.
1-3 қазан - «Керуен» сауда ойын-сауық орталығында Kinopark-та 7-де Беларусь киносының күндері өтеді. Көрсетілім Ұлы Отан соғысы жылдарындағы беларус партизандарының өмірі туралы баяндайтын «Саботер тағдыры» (1 қазан, 19.00) фильмімен ашылады.
Сондай-ақ «Следы на воде», «Перезвон», «Беларусь, Адзінства», «Уновис» көркем фильмдері мен «Звезды 7-го неба», «263 ночи», «Игрушка», «Боевая машина», «Ложка для солдата» анимациялық фильмдерінің көрсетілімдері болады.
2 қазан сағат 19.00-де Qazaqstan Орталық концерт залында - Беларусь Республикасының жетекші солистері мен шығармашылық ұжымдарының гала-концерті өтеді. Концертке Беларусь Республикасының еңбек сіңірген әртістері Виктория Алешко, Александр Солодуха, Алена Ланская, «Медуница» ән-би ансамблі, Беларусь мемлекеттік академиялық би ансамблі және т.б қатысады.
2-3 қазан - ҚР Ұлттық музейінде «Қазіргі Беларусь - жас суретшілердің көзімен» сурет көрмесі ұйымдастырылады.