Түркіменстан ел тәуелсіздігінің 30 жылдығын 27 қыркүйекте атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
27 қыркүйек күні таңертең Президент Гурбангулы Бердімұхамедов пен шенеуніктер Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды. «Хроника Туркменистана» мемлекеттік ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, рәсімге дипломаттар мен шетелдік қонақтар да қатысты.
Содан кейін жаңа мінберде салтанатты шеру басталды.
Аталған мінбер 16 қыркүйекте Ашхабадтың оңтүстігінде ашылды. Оны салуға 109,3 миллион доллар жұмсалған. Құрылысын француздық Bouygues компаниясы жүргізді, оның басшысы Мартин Буйгез Бердымухамедовті тәуелсіздіктің 30 жылдығымен жеке құттықтау үшін Түркіменстанға арнайы келді.
Биылғы Тәуелсіздік күніне арналған шараның өткен жылдардан айырмашылығы - Бердімұхамедов арнайы жасақталған ақ түсті гелендваген көлігімен мінбеге келіп, Мемлекеттік қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Чармымырат Амановтан рапорт қабылдады.
Шеру кезінде әр түрлі әскери қару мен техника көрсетілді.
Шеруден кейін алаңға зергерлік бұйымдар киген Ақалтеке жылқылары шығарылды. Президент Гарашсыз (Тәуелсіз) атты жылқыға мініп, құрмет білдірді, көрермендердің қошеметіне бөленді. Оны Президентке қарулас жолдастары «Отанның өркендеуі, халықтың бақыты мен амандығы жолындағы тынымсыз еңбегі үшін терең, шынайы ризашылықтың белгісі ретінде» сыйлаған.
via GIPHY
Осыдан кейін «Галқыныш» ұлттық ат спорты ойындары тобының шабандоздары өнер көрсетті.
Мереке «билік пен бақыт дәуіріне, ұлы Аркадаг пен Түркіменстанға арналған» әнмен аяқталды. Осыдан кейін алаң үстінде дрон шоуы мен мерекелік отшашу болды.
2018 жылға дейін Түркіменстанның Тәуелсіздік күні 27 қазанда тойланып келді, бірақ 2017 жылы ақсақалдар кеңесінің отырысынан кейін, белгісіз себеппен мерекені бір ай ілгеріге жылжыту туралы шешім қабылданды.
via GIPHY