• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 29 Қыркүйек, 2021

Алматылықтар коронавирусты қай жерде жиі жұқтырады?

145 рет
көрсетілді

Бұл туралы Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова айтты, деп жазады Egemen.kz.

Маманның айтуынша, сауда орындарында инфекцияны жұқтыру 3%-ға, азық-түлік бөлшек сауда желілерінде, супермаркеттерде - 2,5%-ға, азық-түліктік емес дүкендерде - 1,7%-ға, метрода - 0,6%-ға, қоғамдық тамақтану орындарында - 0,8%-ға, монша-сауналарда - 0,5%-ға көтерілген. Сонымен қатар дәріхана, медициналық мекеме, банк, пошта, демалыс саябақтары сияқты нысандарда 0,1%-ға өскен.

«Бүгінде инфекцияны жұқтырудың негізгі орындары ретінде сауда нысандары - 35%, қоғамдық көліктер - 19%, отбасылармен байланыс - 18,4%, базарлар - 9% тіркеліп отыр», деді ол.