• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Экономика 30 Қыркүйек, 2021

Қазақстан мен Ресей қандай өндірістік жобаларды жүзеге асырды?

252 рет
көрсетілді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өнеркәсіптік ынтымақтастық саласында Ресеймен бірлескен жобалар туралы айтты, деп жазады Egemen.kz.

«2019 жылдан бері өнеркәсіптік кооперация саласындағы бірлескен әрекеттер бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта «Кировец» тракторларын, Hyundai автомобильдерін және «Газ» автокөліктерінің құрал-сайманын шығару туралы үш жоба жүзеге асырылды. Ағымдағы жылдың сәуір айында Татарстан басшысы Рустам Минихановтың қатысуымен қуаттылығы жылына 3,5 миллион шина шығаратын зауыт құрылысы басталды. Бұл Қазақстан үшін басқа елдердің импортына тәуелділікті төмендететін маңызды және қажетті жоба», деді Мемлекет басшысы.