Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жеке қосалқы шаруашылықтардың мәртебесін анықтайтын «Жеке қосалқы шаруашылықтар туралы» заң жобасы әзірленеді, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы факторларының ауыл шаруашылығы өндірісіне теріс әсерін жою, сондай-ақ мал шаруашылығының азықтық базасын дамыту мақсатында егіншілікте нақты әртараптандыру қамтамасыз етіледі.
«Атап айтқанда:
- қазіргі заманғы цифрлық технологияларды, ғарыштық мониторинг пен жерді қашықтықтан зондтауды пайдалана отырып, жер пайдаланушылардың жалдау шарты шеңберінде қабылданған міндеттемелерді орындау бойынша қызметін бақылау тетіктері және әртараптандыру процесін мемлекеттік реттеу шаралары әзірленеді;
- жаһандық климаттың өзгеруіне байланысты ауа райының теріс әсерінің күшеюіне өндіріс тәуекелдерін барынша азайту қажеттілігіне сендіру бойынша АШТӨ арасында кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі;
- жайылымдарды тиімді пайдалану мақсатында оларды бақылаудың жаңа әдістерінің мүмкіндіктері және тиісті мемлекеттік қолдау шаралары барынша пайдаланылады;
- жайылымдық алқаптарды түбегейлі және үстіртін жақсарту, оларды суландырудың неғұрлым тиімді моделін қолдану есебінен айналымға тарту жолымен жайылымдардың өнімділігін арттыруға жаңа тәсілдемелер әзірленіп, енгізілетін болады», деп жазады Үкімет басшысының баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жеке қосалқы шаруашылықтардың мәртебесін анықтайтын «Жеке қосалқы шаруашылықтар туралы» заң жобасы әзірленеді.
Ауыл шаруашылығы министрлігі заң жобасын кезең-кезеңімен әзірлеп, Заң шығару жұмысының қағидаларына сәйкес 30 желтоқсанға дейін Парламентке енгізуді көздеп отыр.
Қазіргі уақытта Реттеу саясатының консультативтік құжатын әзірледі және Әділет Министрлігінің оң қорытындысы берілді.