• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 01 Қазан, 2021

Коронавирус пен пневмониядан тағы 49 адам көз жұмды

119 рет
көрсетілді

29 қыркүйекте Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 49 адам қайтыс болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның 42-сі КВИ инфекциясынан, 7-еуі пневмониядан көз жұмған.

1 қазандағы мәлімет бойынша, 60 657 адам коронавирус инфекциясынан (–52 309 + және 8 348 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 10 210 пациент стационарда, 50 447 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

805 адамның жағдайы ауыр, 221 пациенттің жағдайы өте ауыр, 139 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.