• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Спорт 01 Қазан, 2021

Барлық ойында жеңіске жетіп, әлемдік додаға жолдама алдық

292 рет
көрсетілді

Катардың астанасы – Дохада үстел теннисінен өтіп жатқан Азия чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жарысты Қазақстанның өрендері жақсы бастады. Құрамында Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Айдос Кенжеғұлов, Ирисбек Артукметов сынды сайыпқырандары бар жерлестерміз Ирактың ойыншыларын 3:0 есебімен ойсырата ұтты. Іле-шала Мальдив аралдарынан айласын асырды – 3:1. Одан кейін Иорданияның тас-талқанын шығарды – 3:0.

Еліміздің әйелдер құрамасы Бангладеш және Шри-Ланкамен шеберлік байқасты. Бұл бәсекелерде Қазақ елі намысын Сарвиноз Миркадирова, Анастасия Лаврова, Зәуреш Ақашева және Әнел Бақыт қорғады. Екі кездесуде де жерлестеріміздің үстемдігі еш күмән туғызған жоқ – 3:0. Соңғы ойында ирандықтардан мерейіміз үстем болды – 3:1.

Осы жеңістерінің арқасында жерлестеріміз жарыстың екінші кезеңіне шығып қана қоймай, әлем чемпионатының жолдамасына иелік етті.