Сенбі күні кешке Римнің оңтүстігінде Индустрия көпірі өртке оранды, деп жазады Egemen.kz.
La Repubblica басылымының деректері бойынша, қуанышқа орай, адам шығыны болмаған.
Рим тұрғындары арасында «Темір көпір» атанып кеткен көпір 1862-1863 жылдары салынған. Ол Италия астанасының оңтүстік аудандары Маркони мен Остиенсені жалғастырып жатқан. Өрт салдарынан көпірдің кейбір бөлігі Тибр өзеніне құлап кетті.
Сондай-ақ тілсіз жау салдарынан Остиенсе ауданындағы үйлер су, электр қуаты мен көгілдір отынсыз қалды.
Қазір өрт себептері анықталуда. Куәгерлердің сөзінше, бастапқыда көпір астындағы салынған құрылыстар өртене бастаған. Кейіннен көпірді де шарпыған.