Кеше Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 37 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті.
4 қазандағы мәлімет бойынша, 59 135 адам коронавирус инфекциясынан (–51 146 + және 7 989 КВИ-) емделіп жатыр, оның ішінде, 10 367 пациент стационарда, 48 768 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:• 765 адамның жағдайы ауыр,• 224 пациенттің жағдайы өте ауыр,• 144 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.