Тынық мұхитына 500 мың литрдей мұнай төгіліп, Ориндж округіндегі жағажайларға, қара дақ түсті, деп жазады Egemen.kz.
Шикізат 33 шаршы шақырым аумаққа жайылып, балық пен құс қырылып жатыр. АҚШ-тың Оңтүстік Калифорния штатында мұнайдың төгілуі экологиялық апатқа әкелді. Осыған байланысты заңгерлер Калифорнияда мұнай бұрғылауды тоқтатуға шақырды. Және президенттен штатта, экологиялық апат жариялап, федералдық тұрғыдан қаржылай қолдау көрсетуді сұрады. Қазір құбыр жабылып, мүмкіндігінше тазарту жұмыстары жүріп жатыр.