АҚШ-та дельта-штамымен байланысты коронавирустың қазіргі толқыны толығымен тоқтайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бірақ әлем бойынша індет біржола жойылады деуге әлі ерте. Бұл туралы осы елдің азық-түлік және дәрі-дәрмекті бақылау басқармасының бұрынғы басшысы Скотт Готтлиб мәлімдеді. Дельта-штамын жұқтырған науқастардың дені Американың солтүстік штаттарында тұрады екен. Маман елдегі эпидемиологиялық жағдай жыл соңына дейін тұрақталады дегенге кәміл сенеді.
«Бүгінде АҚШ-тың бүкіл аумағында коронавирустың дельта-штамы басым болып тұр. Бірақ уақыт өте келе оның таралу деңгейі азаяды. Десе де, бұл індет аяқталды дегенді білдірмейді. Ковид тұмау сияқты белгілі бір кезеңде айналып соғып тұрады. Біржола жоғалады деп ойламаймын», дейді АҚШ-тың азық-түлік және дәрі-дәрмекті бақылау басқармасының бұрынғы басшысы Скотт Готтлиб.